Әлемде бүгінгі таңда миллиондаған адам қант диабетіне шалдыққан. Зат алмасу бұзылған жағдайда, қанда қанттың жоғары деңгейі үнемі байқалып тұрады. Негізінен, қант диабеті жасырын түрде дамиды, сондықтан ол көбінесе тым кеш анықталады. Қандағы қан деңгейін тиімсіз бақылау, көбінесе қант диабетінен де қауіпті болатын ілеспелі аурулардың дамуына алып келеді. Қант диабетінде көптеген ілеспелі аурулардың даму себебі – барлық жағдайда, қандағы глюкозаның шамадан тыс деңгейі болып табылады. Демек, жасушаларға глюкозаның шамадан тыс мөлшерін ыдыратуға тура келеді, бұл ретте оттек қамтитын бос радикалдар, нақтырақ айтқанда қосымша асқынуларға түрткі болатын супероксидті аниондар босатылады. Алдымен, олар ұсақ қан тарату тамырларының, содан соң ірі қан тарату тамырларының бұзылуына себеп болып, кейін жүйке жүйесінің, көру қабілетінің және болашақта, бүйрек жетіспеушілігінің дамуына алып келеді. Тромбоз бен атеросклероздың даму қаупіне байланысты, миокард инфаркты мен инсульттің туындау қаупі арта түседі.
Ілеспелі аурулар қант диабетіне шалдыққан емделушілердің көбінде дамиды, сондықтан осы қатерді ертерек анықтау өте қиын.