WÖRWAG Pharma GmbH & Co. KG — Германияда құрылған, биофакторларды әзірлеуде маманданған, халықаралық фармацевтикалық компания.
WÖRWAG Pharma өнімдерінің сұрыпталымына рецептілі және рецептісіз дәрі-дәрмектер, биологиялық белсенді белсенді қоспалар кіреді. Біздің дәрі-дәрмектеріміз нейропатия, неврологиялық аурулар және жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары секілді диабеттің асқынуын емдеуге арналған.
2016 жылы компания қызметкерлерінің саны 900 адамға және айналымы 175 млн. евроға жетті. WÖRWAG Pharma компаниясы әлемнің 35-тен астам елдерінде, Германияда, Шығыс Еуропада, Ресейде, Балтық, Орталық Азия және Латын Америкасы елдерінде қызмет етеді.
WÖRWAG Pharma – 1971 жылы д-р Фриц Вёрваг негізін салған, отбасылық кәсіпорын. Бүгінде компанияны меншік иелерінің екінші буын ұрпағы басқарады: д-р Маркус Вёрваг пен Моника Вёрваг, сондай-ақ, атқарушы директор Герхард Майер. Компанияның штаб-пәтері Германияда, Бёблингенде орналасқан.