WÖRWAG Pharma-мен серіктестік

Wörwag Pharma — бұл негізгі кеңсесі Бёблингенде орналасқан және берік тамырлары Шығыс Еуропада, Ресейде және Орта Азияда болатын, орташа ауқымды отбасылық кәсіпорын.

Біз табиғи дәрілер бойынша, әсіресе, дәрумендер, минералдар және микроэлементтер, сондай-ақ өсімдік ингредиенттер бойынша маманданамыз. Диабеттің ілеспе ауруларының, невралгия ауруларының алдын алу және оларды емдеу үшін, сау иммундық жүйе үшін, сүйектерді, бұлшықеттер мен буындарды , сондай-ақ әйелдердің денсаулығын нығайту үшін ғылыми деректері бар өнімдерге назар аударамыз.

Өзіміздің сату бөліміміз бар, онда орнықты және біліктілігі жоғары 600 артық қызметкер бар, біз, негізінен, жалпы практика дәрігерлері, неврологтар, эндокринологтар, ревматологтар, терапевттер, кардиологтар мен гинекологтар — әлемнің 35 еліндегі  дәрігерлер мен фармацевттерге барып қатынасамыз.

Серіктестіктерге берілетін ұсыныс

  • Медицина, маркетинг және өмір салтына байланысты аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге арналған дәрумендерді, минералдар мен микроэлементтерді сату саласындағы жан-жақты тәжірибе
  • Германияда, Шығыс Еуропада, Ресейде және Орта Азияда, сондай-ақ Латын Америкасы мен Азияның жекелеген нарықтарында дәрігерлерге және фармацевттерге кеңінен және тура қолжетімділік
  • Күшті халықаралық желі және жетекші мамандармен сенімді серіктестік қарым-қатынас
  • Жеке бейімдеу және серіктестік қарым-қатынасты рәсімдеу.

Wörwag Pharma-мен ынтымақтастық сізге неліктен қызықты болатыны?

  • Лицензиялау/сатулар: Егер сіз өзіңіздің өніміңіз ілгерілету мен маркетинг үшін, атап айтқанда, жоғарыда аталған терапевтикалық салаларда сенімді серіктес іздейтін болсаңыз.
  • Сатып алу: Егер сіз тұрақты құндылықтары мен елеулі өсі тәжірибесі бар инвестор және стратегиялық серіктес ретінде ұзақ мерзімді отбасылық бизнеске қатысқыңыз келсе.
  • Бірлескен әзірлеме: Табиғи дәрілерді әзірлеу және әдептілікке негізделген маркетинг саласында біздің кең білімімізді пайдаланғыңыз келсе.

Біз сізбен ықтимал серіктестік туралы сұхбатты асыға күтеміз!

partnering(at)woerwagpharma.com