Біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз

Танзанияға көмегіміз: білім болашаққа жол ашады.

«Адамдардың қасында. Адамдар үшін»: осы үндеу WÖRWAG Pharma компаниясының қоғамдық қызметінің де негізін құрайды. Компания Африкада гуманитарлық жобаларды қаржылық рұрғыдан қолдаумен қатар оларға белсенді қатысады. Оңтайлы тәсілмен көмектесу мүмкіндігі үшін гуманитарлық  жобаның және өңірлерде адамдардың «қасында» болу аса маңызды.

Намтумбо білім беру орталығындағы сабақ
Намтумбо білім беру орталығындағы сабақ

1997 жылдан бастап біз әлемдегі аса кедей елдердің бірі, Танзаниядағы Гернгут Миссиясында (Морав шіркеуі) түрлі гуманитарлық көмек  жобаларына демеушілік көрсетеміз. Кәсіпорын кәсіптік училищелердің құрылысы секілді жобаларға ерекше назар аударады: Танзанияның оңтүстік бөлігіндегі Намтумбо қаласында Гернгут бауырластық қауымы үшін кәсіптік білім берудің жаңа орталығы ашылды, оның құрылысы мен жабдықталуы үшін қаражаттың көпшілік бөлігін WÖRWAG Pharma компаниясы берді. Осыған сай инфрақұрылымы әлсіз дамыған Намтумбо қаласының жастары тігінші, ағаш ұстасы, электрик немесе компьютер маманы болу үшін білім алып, лайықты өмір сүруге мүмкіндікке ие болады.

Сонгеа кәсіптік училищесінің алғашқы түлектері
Сонгеа кәсіптік училищесінің алғашқы түлектері

60 километр қашықтықта орналасқан Сонгеа жерінде 2013 жылдың өзінде осындай білім беру орталығы ашылды, қазір осы орталықта 62 жас маман кәсіптік білім алуда. Алғашқы түлектер емтихандарын табысты тапсырды. Осы кезеңде Оңтүстік Танзаниядағы  Какоци деревнясында келесі кәсіптік училищенің құрылысы қызу жүріп жатыр. 2016 жылдың желтоқсанынан бастап жасөспірімдер мен бойжеткендер кәсіптік білім алуға кіріседі, бұл олар үшін жаңа болашаққа жол ашады және барлық өңірдің экономикалық әлеуетін арттырады.