«Баршаға игілікті шешімдер»

Моника Вёрваг (Monika Wörwag) және д-р МаркусВёрваг (Dr. Marcus Wörwag) осы сұхбатында отбасылық компанияның артықшылығы, мәдени айырмашылықтың маңызы, сондай-ақ, неліктен әрбір қызметкер кәсіпкер ретінде ойлауы тиістігі туралы әңгімелейді.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-034

WÖRWAG Pharma тарихы Сіздердің әкелеріңіз 1965 жылы  Штутгарт-Цуффенхаузенде қалалық дәріхананың негізін салғаннан бастау алады. Сіздер ол жерге барып тұрасыздар ма? 

Маркус Вёрваг: біздің отбасымыз Цуффенхаузеннен шыққан, компанияның халықаралық бағдарлануына қарамастан, біз түп-тамырымызды ұмытпаймыз. Бұл дәріхана бұрынғысынша біздің отбасымызға тиесілі. Мен фармацевтермен, дәрігерлермен және қажеттіліктерін түсіну үшін алдымен, пациенттермен тығыз байланысты қолдап отырамын.  Соңғы 50 жылда біздің негізгі мақсатымыз өзгерген жоқ: жоғары сапалы дәрілік препараттармен оларға мұқтаждық сезінетін адамдарды қамтамасыз ету.

Қалалық дәріханадан бастап 30-дан астам елде қызмет ететін, халықаралық дәрежедегі ірі компанияға  дейін жету – бұл табыстылықты қалай түсіндіруге болады?

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-968

Моника Вёрваг: біздің әкеміз өзін компаниямен толығымен біртұтас күйде сезінетін және оны өзінің өмірлік ісі санады.  Оның философиясының негізгі ұстанымы бүгінге дейін келесідей болуда: «Өмірдің өзегі - адам», ал атап айтқанда, диабетке және оған қосарланатын асқынулардан: жүрек-қантамыр ауруларынан және диабеттік невропатиядан зардап шегетін адамдар. Жоғарыда аталған жағдайларды емдеуге арналған дәрілік препараттармен қатар біздің компаниямыз биофакторалар аталатын дәрумендер мен минералдарға да маманданған.

МаркусВёрваг: біздің компаниямыздың табысы Мильгамма, Тиогамма және Магнерот препараттарының өндірісімен қатар нарықты сауатты таңдай білуімізде.  WÖRWAG Pharma компаниясы Шығыс Еуропа елдері нарығының әлеуетін алғашқылардың бірі болып тани білді және онда өз бизнесін құрды. 

Компанияның дамуына, әрине, сондай-ақ, адамдар – біздің қызметкерлеріміз ықпал етті. Ең басынан бастап біз осы елдердегі бізбен тығыз байланыс орнатқан және клиенттермен тікелей жұмыс істейтін, өз күшіне сенімді мамандар командасына сүйендік.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-673

Моника Вёрваг: біз өздігінше жұмыс атқаратын және өз күшіне сенімді қызметкерлерді жоғары бағалаймыз, олар  WÖRWAG Pharma компаниясында қызығушылықпен жұмыс істейді. Қызметкерлерге қарым-қатынасымыз, жұмысымыздың сапасы, сондай-ақ, маңызды шешімдерді қабылдаудағы қажетті көрегендік және жылдамдық – кәсіпорнымыздың табысының айқындаушы факторлары.

 

WÖRWAG Pharma үшін осындай даму бағыты нені білдіреді?

МаркусВёрваг: алдымен, ештеңеге қарамастан, назарды басты мәселеге шоғырландыру қажет. Шағын және үлкен мақсаттарды қоса көздеу қажет, біз өткен жылдар бойы осылай әрекет етіп келеміз: нарықты ұдайы кеңейту, препараттар жиынтығын ұлғайту. Біз бәріне ұтымды, сәйкес шешімдер қабылдауға тырысамыз.   Сондықтан, WÖRWAG Pharma компаниясының қызметіне байланысты әрбір шешім қысқа мерзімдік мақсаттарға емес, табысты және ұзақ мерзімдік дамуға бағдарланған.

Моника Вёрваг: біздің ағымдағы нәтижелерімізге қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларының қосқан үлесі зор. Біз үшін бір жағынан, банктер немесе инвесторлардың алдында болсын, фирмамыздың қаржылық тәуелсіздігі маңызды. Басқа  жағынан, біз үшін қызметкерлеріміздің өздігінше жұмыс атқаруы маңызды. Біз олардан жеке тұлға ретінде, сондай-ақ, команда құрамында да қатысу мен жауапкершілікті күтеміз.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-679

Қалайша диабеттік препараттар мен биофакторлар компания табысының өзекті факторына айналды?

МаркусВёрваг: біз нарықта орын алуда нақты мамандануды ұстанамыз: біз тұтынушылардың таңдалған, мақсатты  ауқымы үшін препараттар мен дәрумендік кешендерді өндіреміз. Біздің мамандарымыз осы пациенттердің мүддесі үшін өздерінің  барлық құпия сырын (ноу-хау) және құзіретін пайдаланады.  Емдеу тұжырымдамасы мен қызмет көрсету материалы пациенттер үшін қосымша пайданы қамтамасыз етеді. Бүкіл әлемде диабетке шалдыққан науқастар саны жуырдағы онжылдықта өсуін жалғасырады, осыны болжарлап, білгендіктен, біз болашақ қызметімізді диабетке шалдыққан пациенттермен байланыстырамыз.

Моника Вёрваг: біздің дәрі-дәрмектеріміз жоғары сапалы болуымен қатар, біз этикалық және экологиялық стандарттарды да қатаң ұстанамыз. WÖRWAG Pharma дәрілік препараттары жақсы көтерімді. Олар салауатты өмір салтын ұстануға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Сіздер алдарыңызға өршіл мақсаттарды қоясыздар, оларға қалай жетуді жоспарлайсыздар?

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-964

МаркусВёрваг: мен қайталап айтқым келеді: басты мәселеге назарды шоғырландыру арқылы.  Алдымен, бұл – өнімдеріміздің сұрыпталымын кеңейту, оның ішінде, өзіміз негізін құрастыратын өнімдерді ескерумен. Екіншіден, жаңа нарықтарды игеру. Үшіншіден, командамызды дамыту, қызметкерлеріміздің кәсіпқойлық деңгейін арттыру және штаттық көлемін кеңейту.

Әр елдегі қызметкерлерді корпоративтік мақсатқа жетуге қалай ынталандыра аласыздар?

Моника Вёрваг: атқарылатын жұмыстың бізде істейтін адамдардың еңбегіне қаншалықты байланысты екендігін біз білеміз. Сондықтан, қызметкерлердің кәсіпқойлығын өсіру әрдайым өзекті іс: біз компаниямызды бір үлкен команда санауымыз бекер емес, оның әрекет етуші ұстанымы: «Бірі - бәрі үшін және бәрі - бірі үшін». Біз жаңашылдықты ұнатамыз, әр қызметкер компанияның коммерциялық қызметіне қатысты өз ойларымен бөлісе алады. Егер қателіктер орын алса, біз болашақ үшін олардан сабақ алып, үйренуге, қандай да бір оңшыл нәтиже алуға тырысамыз.   Мұндай командалық ойлау әр қызметкерді жұмыс үрдісіне тартуға ықпал етеді. Осындай  адамгершілік қасиет және бірлескен, жаңашыл, шығармашылық еңбек ету WÖRWAG Pharma компаниясының мәнісін құрайды.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-795

Алайда, елдер арасындағы шекаралар мен тілдердің арасындағы кедергілерді ескере отырып, күрделі шешім қабылдау кезінде командалық ойлауды іске асыру оңай емес шығар?

Моника Вёрваг: әрине, мәдени айырмашылықтар белгілі-бір  мәселелерді туындатады. Оларды қабылдау әрдайым оңай бола бермейді, бірақ, түрлі мәдениетке тән ерекшеліктерді құрметтеу біздің командалық ойлауымыздың негізін құрайды. Сондай-ақ, біз қызметкерлерімізге жоғары талаптар қоямыз: олардың бірі - өзгерістерге дайын болу. Біздің негізгі құндылықтарымыздың ішінде жетістіктер, жауапкершілік және біртұтастық бар.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-interview-875

МаркусВёрваг: біздің командамыз соңғы жылдары ұдайы өсуде. Біраз уақыт бұрын өңірлік менеджер бес адам үшін жауап беретін болса, бүгінде кейбір елдерде штат 100 адамнан асады. Бәрінен жоғары біліктілік және ұдайы оқуға дайындық күтіледі. Бірақ, аумақтық шекараларға және діліндегі (менталитеті) айырмашылығына қарамастан, көлденең басқару сатысына және қызметтің ашықтығына сай біз барлығының бірлесіп әрекет етуіне қол жеткіземіз. 

Халықаралық, яғни, аралас командалар үлкен мәнге ие болуда. Жақсы білімді көптеген әйелдер отбасы мен мансапты үйлестіруге тырысады. Осы мәселеге қалай қарайсыздар?

Моника Вёрваг: бұл мәселеде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Бізде денсаулық сақтау саласында болсын, біршама басқару лауазымында көптеген әйелдер жұмыс істейді. Бәрі нақты адамның өзіне және оның қарым-қатынасына байланысты. Басынан бастап ғылыми дәрежелі медицина мамандары - әйелдерден тұратын біздің өңірлік менджерлер командамыз күшті болды, олардың көпшілігі осы уақытқа дейін бізде еңбек етеді. Олар бізден нақты қолдау мен көмек ала отырып, компаниямен бірге дамуын жалғастырады. 

Әйел маман басқаратын біздің халықаралық тіркеу бөлімінде түрлі елдерден жоғары білікті көптеген әйел-қызметкерлер жұмыс істейді. Біз аралас командаларда қызметкерлеріміздің күшті жақтарын мақсатқа сай пайданамыз. Бұл қызметкерлерге де, компанияға да пайдасын әкеледі.  

Компанияның болашағы қандай деп ойлайсыз?

Моника Вёрваг: алдымен, біз бұрыннан отбасылық кәсіпорынбыз және болашақта да осылай болады! Бұл артықшылықты қалай пайдалану қажеттігін біз білеміз: біздің іскерлігіміз бізді сенімді серіктес етеді. Компанияның ішінде шешім қабылдаудың қысқа жолы жаңа жағдайларға тез және икем бейімделуге мүмкіндік береді. Және, соңғысы, командалық рух, ортақ мақсат, үздік болуға ұмтылыс бізге күнделікті жұмысымызда күш береді. Еңбекке одан артық ынталандыру болмас.

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-firmenlogo

МаркусВёрваг: әрине, біз компанияның өсу қарқынын сақтағымыз келеді. Бұл - ауыр еңбек, бірақ, біз жуырдағы жылдары тоқтағымыз келмейді. Біз қазіргі барлық қиындықтарды түсінеміз, бірақ, адамгершілікті сақтағымыз келеді. Бұл дегеніміз, оның ішінде, жұмыс орындарын сақтау. Барлық елдердегі командаларымызды жоғары ынталандыру компанияға алдына қойған өршіл масқаттарына жетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдіміз.