Тиімді емдеу үшін қарқынды зерттеулер

Диабетті біздің уақытымыздың «әлемдік індеті» деп шынайы атайды, ол бүкіл әлемге кең таралуда және науқастардың саны ұдайы арту үстінде. Ағымдағы мәліметтер бойынша 2030 жылға таман планета бойынша диабеттен  400 миллионнан астам адам зардап шегуі мүмкін. Мұндай таралу көлемінің себебі ретінде: артық салмақты, дене белсенділігінің жетіспеуін және дұрыс тамақтанбауды атайды. Осы факторлардың жиынтығы тіндердің инсулинге төзімділігінің қалыптасуына және қандағы қант деңгейінің артуына апарады.

WÖRWAG Pharma ғылыми зерттеулері диабеттің алдын алуға және асқынуын – алдымен, диабеттік жүйке бұзылыстарын жоюға бағытталған. Бұл салада дәрумендер мен микроэлементтер секілді биологиялық факторлардың әсері зор.

Вёрваг Фарма компаниясының негізін салушы Фриц Вёрваг ұйымдастырған зерттеулердің көпшілігі диабеттік асқынулардың негізгі емдеуі ретінде бенфотиаминнің әрекет етуін зерттеуге бағытталған. Жоғары биологиялық сіңімділігіне сай бенфотиамин B1 дәруменінің тапшылығын толықтырады және диабетке қосарланатын неврологиялық ауруларды емдеуде маңызды роль атқарады. 

Халықаралық клиникалық зерттеулер, сарапшылардың кездесулері мен симпозиумдар, сондай-ақ, ғылыми зертханалардың тығыз ынтымақтастығы – біздің қызметіміздің маңызды бөлімі: пациенттер үшін алдыңғы қатарлы дәрілік препараттарды әзірлеу үшін біз ғылымға және клиникалық зерттеулерге қаржы бөлеміз.

Фриц Вёрваг атындағы зерттеу сыйлығының лауреаттары

[Translate to Kazakh:] woerwagpharma-Fritz-Woerwag

Фриц Вёрваг атындағы зерттеу сыйлығымен биофакторларды, мысалы, диабетті немесе тиаминнің метаболизмін емдеумен байланысты клиникалық қолданумен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілер марапатталады.

Фриц Вёрваг атындағы зерттеу сыйлығының лауреаттары

1988Д-р Клаус-ХеннингКраузе, профессор
Фридрих Бауэр атындағы институт, Мюнхен
1991Д-р Роланд Бич, профессор
Йена университетінің Диетология институты
1994Д-р Ханс Конрад Бизальски, профессор
Гогенгейм Университеті
Д-р Вальтер Цидек, профессор
Мюнстер университетінің емханасы
1996Медицина д-ры, профессор Хильмар Штраке
Медициналық емхана және Гисен университетінің емханасы
1999Медицина д-ры, профессор Ханс-Петер Гаммерс
Маннгейм емханасы
2007Д-р Пол Торнелли, профессор
Уорвик университеті, Ұлыбритания
Жас ғалымдарға арналған сыйлық: Д-р Николь Шупп
Фармакология және токсикология институты
2009Медицина д-ры, профессор ВедатШвенгер
Гейдельберг Университетінің емханасы
2013Д-р Алин Штирбан
Зат алмасуды зерттеудің бейінді институты, Нойс
Жас ғалымдарға арналған сыйлық: ЧунЛю Ханым
Фрайбургтің Университеттегі емханасы