Please accept marketing-cookies to watch this video.

Биофакторлардағы құзырет

Вёрваг Фарма ГмбХ энд Ко. КГ — Азия, Еуропа және Оңтүстік Америкада 22 халықаралық филиалы бар, Штутгартқа жақын маңдағы Бёблинген қ. бас кеңсесі бар неміс фармацевтикалық компаниясы. Әлем бойынша 1100-ден астам қызметкерлері бар компания 2020 жылы 235,8 миллион евроға сатылым жасады.

Компания өмір сүру салтына байланысты аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған фармацевтикалық препараттарды әзірлеу, өндіру және өткізумен айналысады. Вёрваг Фарма жас ерекшелігіне байланысты аурулардың, мысалы, қант диабетінің алдын-алу және емдеуге арналған дәрумендер, минералдар мен микроэлементтерді қамтитын биофакторларды клиникалық тұрғыдан қолдануға ерекше назар аударады.

Вёрваг Фарма компаниясының ассортиментіне рецепт бойынша босатылатын дәрі-дәрмектер, сондай-ақ рецептсіз босатылатын дәрі-дәрмектер және ББҚ кіреді. Эксклюзивті фармацевтикалық өнімдердің едәуір бөлігі диабет ауру кезінде қайталама ауруларды емдеу үшін қолданылады. Басқа препараттар жүйке жүйесінің бұзылуын (нейропатия )емдеуде тиімді, иммунитетті нығайту немесе қимыл-тірек аппараты ауруларының алдын-алу үшін қолданылады.

Вёрваг Фарма Польшаның Лодзь арнайы экономикалық аймағындағы өндірістік алаңында өз өнімдерін, сондай-ақ келісімшарттық фармацевтикалық препараттарды өндірумен айналысады. Ғимараттардың заманауи кешені 9500 шаршы метр аумақта орналасқан және әзірлеу және өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтармен жасақталған. Жаңадан сатып алынған өндірістік алаң Вёрваг Фарма компаниялар тобы үшін ауыз арқылы қолдануға арналған дәрілік түрлер саласындағы озық тәжірибе орталығына айналады.

1971ж. Д-р Фриц Вёрваг негізін қалаған отбасылық компания, оны Д-р Люция Синк, Герхард Майер және Йохен Шлиндвайн басқарып келеді.

Халықаралық команда

Бүкіл әлем бойынша 36 елдегі 22 филиалда жұмыс істейтін 1200 жуық қызметкер корпоративтік табысты қолдайды.

    25 ұлттан құрылған алуан түрлі команда Беблингендегі штаб-пәтерде жұмыс істейді. Басты кеңестің жанында жұмыс істеу үшін біздің көптеген қызметкерлеріміз осы өңірге өз елдерінен көшіп келеді. Біздің корпоративтік тіліміз — ағылшын тілі.

    Компаниядағы әйелдер үлесі 70 артық пайызды құрайды және олардың 40 пайызы басқарушы лауазымдарын атқарады. Компания жанұя мен мансаптың үйлесімділігін қолдайды, әр түрлі — мысалы, сенімді жұмыс уақытымен жұмыс істеу үлгілерін ұсынады.

    Верваг Фармада алуан түрлі адамдар жұмыс істейді, олар жобаларға әр түрлі мәдениеттің және кәсіби орталардың көзқарасын қосады. Осындай сан алуандық жұмыс ортасын байытады және бір бірінен ерекшеленетін көптеген нарықтар мен клиенттердің ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз етеді.

    Николь Шмолке, қызметкерлер жөніндегі директор

    «Жанұя мен мансаптың үйлесімділігі Верваг Фарма үшін бос сөз болып табылмайды. Икемді жұмыс кестесі және жұмысты қашықтықтан үйде істеу маған, тіпті осындай жауапты лауазымда, менің кішкентай ұлымның жанында, мен оған қажет болған кезде болуға мүмкіндік береді. Бұл уәждеуге мүмкіндік береді».


    – Стефани, сапа бөлімінің басшысы

      Жақынырақ боламыз. Жақсырақ көмектесеміз.

      Адамдар біздің табысымыздың маңызды факторы болып табылады: бір жағынан, өз ісіне берілген қызметкерлеріміз компанияның дамуына көмектеседі. Екінші жағынан, клиникалар мен жеке тәжірибедегі дәрігерлер, фармацевттер және мамандар, олар адамдардың өмір салтына байланысты ауруларын емдеген кезде дәрумендер мен минералдарды пайдалану идеямызды көптеген жылдар бойы алға бастырған.

      Денсаулықты қолдау мен терапияға арналған жоғары тиімді шешімдер арқылы біз клиенттерімізге өмір салтына байланысты аурулардың алдын алуға немесе оларды емдеуге көмектесеміз. Осы мақсатта біз дәрумендер, минералдар мен микроэлементтер секілді биофакторлы дәрі-дәрмектерді әзірлеп сатамыз.

      Біздің құндылықтарымыз

      Адамгершілік, жақындық және жауапкершілік біздің дәстүрлі құндылықтарымыз болып табылады, олардың негізінде біз бірге өсіп келеміз. Өсіп келсек те, біз отбасылық бизнес болғанымыз бүгінгі күні бойы біздің бір қуатты жағымыз болып келеді.

      Біздің әрекеттеріміз әрқашанда клиенттердің игілігіне және оларды қанағаттандыруға бағытталған. Біз осы мақсатқа бағыт алып, оған қол жеткізу үшін жауапкершілікті өзімізге жүктейміз.

      Біз жасаған ісіміз сенімге ие болады және біз өз уәдемізді орындасақ, күшейіп келеді. Пациенттер, клиенттер, дәрігерлер, фармацевттер, жеткізушілер, әріптестер үшін біз сенімді серіктес боламыз.

      Өз жұмысымыздан рақат көріп, біз өз өнім мен компаниямызды мақтан етеміз.

      «Вёрваг Фармада біз жауапкершілік артамыз және ғылыми әдіс миллиондаған адамдардың өмірін өзгерте алады деп сенеміз. Мен ынтымақтастықтың достық ахуалында жұмыс істеуді ұнатамын. Біздің пациенттеріміз үшін жаңа шешімдерді табу, жақсырақ көмектесуге жақын болу үшін біз кросс-функционалды түрінде жұмыс істейміз».

      – Самер, инновациялар жөніндегі менеджер

      Біздің тарихымыз

      Company founder Dr. Fritz Wörwag Компанияның негізін қалаушы
      Д-р Фриц Вёрваг
      1971Вёрваг Фарма негізі қаланды Штутгарт қ.
      1981 Компания Германияда классикалық магнерот препаратын сатуды және биофакторлар әзірлеуді бастайды
      1993 Венгриядағы алғашқы халықаралық кәсіпорын.

      Германияда дженериктерді шығару бойынша желіні іске қосу.
      Monika Wörwag and Dr. Marcus Wörwag Кезеңдердің ауысуы: Моника Вёрваг және Д-р Маркус Вёрваг кәсіпорынға басшылық етеді
      2015 Вёрваг Фарма неміс дженерики компаниясының AAA Фарма ГмбХ түрленуі
      2019 Ағам мен апам басқарудан кетеді.
      Жаңа басшылық:
      Герхард Майер,
      Йохен Шлиндвайн
      1965Қалалық дәріхана ашу
      Цуффенхаузен қ.
      бастап 1994 Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы халықаралық нарықты тұрақты даму
      1996Компанияның қазіргі бас кеңсесінің
      Бёблинген қаласында көшуіг
      2001
      бастап 2010 Оңтүстік Африка мен Азияға кеңею
      2016 Ресей, Польша
      және Перудегі
      өткізу компанияларын құру
      2021Басқару командасын толықтыру:
      Доктор Люсия Синк инновациялар жөніндегі директор болады.

      Өзіміздің өндірісімізді сатып алу,
      жаңа штаб-пәтерге көшу

      Вёрваг Фарма әлемде

      [Translate to Kazakh:] woerwagpharma-map

      22 елде өз филиалдары бола тұра, Вёрваг Фарма компаниясы 35 нарықта белсенді жұмыс істеп келеді және Штуттгартқа жақын жерден экономикалық тиімді және мақсатқа сәйкес қосымша алаңдар ашуды жоспарлап отыр.

      Our locations