ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ
ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ
Биофакторлар – ағзаның бірқалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ең маңызды заттар. Оларға: дәрумендер, минералдар және магний, мырыш немесе темір сияқты микроэлементтер, сондай-ақ дәрумен тәрізді заттар (мысалы, альфа-липой қышқылы немесе коэнзим Q10), амин қышқылдары, май қышқылдары және қайталама өсімдік сірінділері кіреді. Олардың кейбірін ағза өз бетінше өндіре алмайды, бірақ көбісін тамақпен бірге аламыз. Соңғысы өмір сүруге қажетті биофакторлар деп те аталады. Жоғары концентрациядағы кейбір биофакторлар терапиялық әсер көрсетіп, фармацевтикалық қасиетке ие болуы мүмкін.
Биофакторлар ағзада маңызды рөл ойнайды және біздің зат алмасу процестеріміздің үздіксіз жұмысына септігін тигізеді. Демек, тағамдық байланыстар салауатты зат алмасуды қамтамасыз етуі тиісті бірқалыпты мәндерді ұстап тұруға ықпал етеді. Мысалы, темір гемоглобинді өндіруге, сонымен қатар ағзамызды оттекпен қамтуға керек. С дәрумені темірді тағамнан сіңіріп алуға септігін тигізеді, жараларды жазуда маңызды рөл ойнайды және антиоксидант болып табылады. Кейбір биофакторлар иммундық жүйенің бірқалыпты жұмысын әртүрлі тәсілдермен қолдайды. Ағзамыз күн сәулесінің әсерінен өндіретін (бір уақытта дәрумен және гормон болып табылатын) D дәрумені ішек-қарынға кальций, фосфор және магнийді сіңіруге көмектеседі – бұл, оның ағзадағы көптеген қызметтерінің кейбірі ғана. Осылайша, D дәрумені осы биофакторларға сүйектерді қалыптастырудағы өзінің маңызды міндеттерін атқаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, сәбилердің D дәруменіне мұқтаждығы олардың өсуіне байланысты жоғары болады. В тобының дәрумендері, яғни В12 дәрумені, бенфотиамин (тиаминнің майда еритін ізашары), В6 дәрумені және фолий қышқылы, бұдан бөлек, жүйке талшықтарының жұмысы мен қалпына келуіне, сондай-ақ энергия өндіруде және қантүзілімде зат алмасудың салауаттын күйін қолдауға зор септігін тигізеді.
Ұзақ уақыт бойы биофакторлар тапшылығы байқалатын болса, ағзада маңызды процестер бірқалыпты жүзеге аса алмайды. Қай дәруменнің немесе минералдың жетіспейтініне байланысты, тапшылыққа тән емес симптомдар дамиды. Мысалы, темір тапшылығы (әйелдерде жиі кездеседі) солғындық, діріл және жалпы әлсіздік түрінде білінеді. Көптеген емделушілердің магний тапшылығы балтырдың түнде құрысуына, күйгелектікке немесе тіпті аритмия мен гипертонияға да себеп болады. D дәрумені бүкіл ағзаға кең ауқымды ықпал етуіне және гормоналдық тұрғыдан әсер етуіне байланысты, оның тапшылығы әртүрлі жолмен байқалуы мүмкін.
Биофакторлар тапшылығының бірінші белгілері немесе көрсеткіштері әрқашан әлсіздік сезімі, шаршау, концентрацияның жеткіліксіздігі және жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі сияқты өте ерекше емес симптомдар болып табылады. Бұл симптомдардың барлығы көбінесе еленбейді, бірақ олар күнделікті міндеттерді «жеңу» қабілетімізді айтарлықтай төмендетуі мүмкін.
Бастапқыда зиянсыз болып көрінетін тапшылық қауіпті тізбекті реакцияларды тудыруы мүмкін. Уақыт өте келе, жойылуы көбінесе мүмкін болмайтын елеулі симптомдар пайда болуы мүмкін. В дәруменінің жетіспеушілігін елемеу, қан құрамына ғана емес, жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне және оны қолдауға да зиянды әсерін тигізеді. Ағзаның әрбір жасушасын энергиямен қамту, В тобы дәрумендерінің тапшылығы болған жағдайда қалыпты режимде қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Мырыш тапшылығы немесе жетіспеушілігі көптеген көрінетін және көрінбейтін симптомдарды тудыруы мүмкін. Тырнақтың сынуы, терінің құрғауы және қабыршақтануы мырыш жетіспеушілігін білдіруі мүмкін. Егер сізді жайсыздық, ауырсыну, әлсіздік және белсенділіктің төмендеуі мазалап жатса, мұқият зерттеу жүргізе алатын дәрігерге қаралған дұрыс болады. Қан талдауын зерттеп, басқа факторларды алып тастап, ол биофакторлардың ықтимал тапшылығын немесе жетіспеушілігін тез арада анықтай алады, осылайша сіз тиісті шара қолдана аласыз.
Көптеген адамдар үшін бұл оңай: Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!
Тұрақты физикалық жүктемелерден басқа, теңдестірілген емдәм де салауатты өмір салтының бір бөлігі болып табылады. Балғын жемістерді, көкөністерді және тұтас дәндерді, сондай-ақ құрамында майы төмен жануар тектес өнімдерді, мысалы, балық, ет және майлылығы төмен сүт сияқты өнімдерді тұтыну арқылы, сіз қоректік заттардың жақсы қорын қазірдің өзінде қамтамасыз ете алатын боласыз. Айтпақшы, біздің ағзамыз жануарлар майларынан гөрі пайдалы өсімдік майларын да сіңіреді. Кәсіби қауымдастықтар күніне балғын жемістер мен көкөністердің кем дегенде бес бөлігін жеуге де кеңес береді. Бүгінгі таңда жиі айтылатын годжи жидектері, ацерола сияқты және тағы басқа «суперөнімдер» де күнделікті рационға қосымша бола алады және биофакторлар тапшылығының симптомдарын болдырмауға өз үлесін қоса алады. Мысалы, ірімшік пен жержаңғақтағы мырыштың салыстырмалы жоғары мөлшері бар – 100 г Эмменталь ірімшігінің тұтыну кезінде 4,6 г мырыш аласыз. Ұсынылатын тәуліктік тұтыну мөлшері әйелдер үшін 7 г-нан басталып, ерлер үшін 10 г-ға дейін жетеді. Тауық пен маш-салат құрамында фолий қышқылының көп мөлшері бар, соңғысының мөлшері 100 г-да 145 мкг құрайды, бірақ оны сатып алғаннан кейін бірден жеу керек. Фолий қышқылы азық-түлікті ұзақ сақтағанда өте тез бұзылады. Бұдан бөлек, тауықта В6 дәрумені бар. B12 дәрумені болса жануар тектес өнімдерде ғана кездеседі. Вегетарианшылдар және қатаң вегетарианшылдар B12 дәруменінферменттелген тағамнан, мысалы осы дәруменді аз мөлшерде қамтитын ашытылған қырыққабаттан немесе сырадан (алкогольсіз) ала алады. В1 дәрумені бұршақ тұқымдас және тұтас дәнді өнімдерде болады; сақтау және дайындау шарттарына байланысты тағамдағы дәрумендердің құрамы өзгеріп тұруы мүмкін. Осылайша, таңғы асқа дәмді мюсли немесе нәрлі тұтас дәнді нанды тұтыну – осы биофактор жетіспеушілігінің алдын алуға көмектеседі. Бұл өнімдерде де магний бар. Атап айтқанда, сұлы үлпектерінде магнийдің салыстырмалы түрде жоғары мөлшері (100 г-да 134 мг) болса, күнбағыс дәнінде – 420 мг-ға дейін магний бар. Неміс тамақтану қауымдастығының деректері бойынша, дені сау ересектерге арналған магнийдің ұсынылатын тәуліктік мөлшері 300 мг-нан 400 мг-ға дейін құрайды. Алкоголь мен темекі сияқты зиянды стимуляторлар іс жүзінде жойылған кезде, салауатты өмір салтына қол жеткізіледі. Теңдестірілген өмір салты арқасында барлық маңызды биофакторлардың келіп түсуі дене бітімінің жақсаруына ықпал етеді, ауыр аурулардың алдын алуға және жақсы көңіл-күйде болуға көмектеседі.
Теңдестірілген тамақтану туралы ойлансаңыз және салауатты өмір салтын ұстансаңыз, көптеген жағдайларда маңызды биофакторлар тапшылығының дамуының алдын алуға болады. Дәрумендер, минералдар және микроэлементтерді тұтынудың ресми нормалары мен көрсеткіштері ең алдымен дені сау адамдардың орташа қажеттілігіне негізделген. Алайда, биофакторларға қатысты жеке мұқтаждық, мысалы жас шамасы, жынысы, этникалық шығу-тегі, спортық жүктемелері, өмір салты (алкоголь мен никотин тұтыну), белгіленген дәрі-дәрмек қабылдау сияқты және тағы басқа көптеген факторларға байланысты айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Бұдан бөлек, кейбір өмірлік жағдайларда ағза белгілі бір уақыт аралығында биофакторларға қатысты жоғары дәрежелі мұқтаждықты сезеді немесе келіп түсетін биофакторларды толығымен сіңіре алмайды. Мұндай жағдайларда, әдеттегі тамақтану жеткіліксіз болып, тиісті дәрілік құралдармен емделуі тиісті тапшылық дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда қателер белгілі болады және сірә, алдын алу шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыру керек болуы мүмкін.
Белгілі бір дәрілік заттарды ұзақ уақыт бойы қабылдау кейбір биофакторлардың сіңуін басуы немесе олардың шығарылуын күшейтуі мүмкін, сондықтан тапшылық белгілері біраз уақыттан кейін пайда болуы ықтимал. Қаралатын дәрілік заттардың тізбесі – шексіз. Оған ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер, қант диабетін емдеуге арналған кейбір дәрі-дәрмектер және қан қысымын төмендететін белсенді заттар кіреді. Осы дәрі-дәрмектердің барлығын жиі тағайындайды, бірақ олардың кейбірін жыл бойы үздіксіз қабылдап тұру керек. Диабет кезінде белгілі бір дәрі-дәрмек қабылдау B12 дәруменінің жетіспеушілігін тудырады. Ұзақ мерзімді келешекте, бұл парестезия мен анемияға әкелуі мүмкін. Кейбір гормоналдық контрацептивтерді тұтыну В6 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеушілігін ғана емес, магний тапшылығына әкеледі. Бұл, өз кезегінде, Гинекологтардың кәсіби қауымдастығының деректері бойынша қан тамырларына зиян келтіруі және тромбоздар мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыруы мүмкін. Осыған байланысты, көптеген гинекологтар өз емделушілеріне ауызша контрацептивтерді қабылдау кезінде темекі шегуден бас тартуды ұсынады, себебі бұл аталған симптомдарды қиындатуы мүмкін.
Егер қан талдауында белгілі бір биофакторлардың ауыр тапшылығы анықталса, дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін дәрігермен кеңесу қажет. Бұл, тапшылықтың туындауын болдырмау үшін биофакторларды қосымша алдын алу мақсатымен қабылдау ұсынылған жоғарыда аталған қауіп-қатер топтарының біріне жатсаңыз да қолданылады.
Биофакторларды тиісінше қабылдау, қорлардың төмен деңгейін тез толықтырады және биофакторлар жетіспеушілігінің елеулі жанама әсерлерін болдырмауы мүмкін.
Егер сізге ұзақ уақыт бойы қабылдау қажет дәрілік зат тағайындалған болса, дәрігеріңізден немесе фармацевттен белгілі бір биофакторларға назар аудару керек пе екенін сұраңыз. Биофакторлардың теңдестірілген мөлшерде келіп түсуіне кедергі келтіретіні белгілі дәрілік заттарға жасалған шолу келесі бөлімде келтіріледі. Алайда, бұл тізім толық емес, сондықтан дәрігерге қайтсе де қаралған жөн.