Вёрваг Фарма — орташа өлшемдегі отбасылық компания, оның бас кеңсесі Штуттгарттан алыс емес Бёблинген қ., орналасқан. Отыз жылға жуық уақыт біздің компания Германиядан тыс елдерде, атап айтқанда Шығыс Еуропада, Ресейде және Орталық Азияда, сондай-ақ Латын Америкасы мен Оңтүстік-Шығыс Азияда жұмыс істеп келеді. Біздің жоғары білікті сату жөніндегі мамандар тобымен біз 35 елдің дәрігерлерімен және фармацевтерімен кездесулер ұйымдастырамыз. Жалпы практика дәрігерлерінен басқа, неврологтар, диабетологтар, эндокринологтар, ревматологтар, терапевтер және кардиологтар біздің клиенттеріміз болып табылады.
Біз табиғи тектес дәрі-дәрмектер шығарумен, әсіресе дәрумендер, минералдар және микроэлементтер, сондай-ақ өсімдіктер мен химиялық заттар шығарумен айналысамыз. Біздің назарымыз диабетінің және оның қайталама және ілеспе ауруларының, неврологиялық аурулардың алдын алу және емдеу, сондай-ақ сау иммунитет пен қимыл-тірек аппараты сақтау саласындағы анық ғылыми деректері бар өнімдерге бағытталған.