Қажетті мәтін Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тиокт қышқылына немесе аталған дәрілік препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты темір, магний, препараттарымен бір мезгілде тағайындамаған жөн, бұл препараттарды қабылдау арасындағы уақыт аралығы 5 сағаттан кем болмауы тиіс. Тиогамма® таңғы асқа дейін 30 минут бұрын қабылданатын болғандықтан, мүмкіндігінше темір және магний препараттарын күннің түскі немесе кешкі уақытында қабылдаған дұрыс.
Құрамында кальций болуына байланысты сүт өнімдерімен бір мезгілде препаратты қабылдамау керек.
Тиогамма® препаратымен емдеудің басында ұдайы бақылап отыру керек. Гипогликемия симптомдарын болдырмау үшін қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау қажет, жекелеген жағдайларда инсулиннің немесе диабетке қарсы ішілетін дәрілердің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.