Қолдану тәсілі және мөлшерлемесі Тәуліктік дозасы емдеудің бастапқы фазасында 2-4 апта бойы күн сайын, вена ішіне тамшылатып енгізілетін Тиогамма® Турбоның 1 құтысын (тәулігіне 600 мг) құрайды.
Препаратты баяу, минутына 50 мг асырмай (бұл инфузияға арналған 1,7 мл ерітіндіге баламалы), аз дегенде 30 минут бойы енгізу керек.
Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 600 мг құрайды.
Инфузияға арналған Тиогамма® Турбо тікелей құтылардан енгізіледі, бұл ретте қоса берілетін аспалы жарықтан қорғайтын сауыт пайдаланылады. Препараты бар құтыны қораптан тікелей пайдаланар алдында шығарып алады және дереу жарықтан қорғайтын сауытпен жабады, өйткені тиокт қышқылы жарыққа сезімтал.
Алдағы емдеуге ішке қолдануға арналған таблетка түріндегі 600 мг тиокт қышқылын күнделікті қабылдау қосылуы тиіс.