B12 дәрумені – Мықты жүйеге қажетті қорғаныс

B12 дәрумені – В дәрумені тобының 8 дәруменінің бірі және дене тарапынан айрықша түрде жинақталатын жалғыз дәрумен. Біздің бауырымыз қажет болған кезде осы дәрумен тапшылығының орнын толтыру үшін оның көп мөлшерін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін сақтайды. Сол себепті, ағзадағы В12 дәруменінің аз мөлшері немесе ас қорыту жолында сіңірілудің бұзылуы біраз уақыттан кейін ғана білене бастайды. Кобаламин ретінде де белгілі В12 дәрумені түрлі зат алмасу қызметтеріне ие. Ол гомоцистеиннің төмен деңгейін ұстап тұруға көмектесіп, жүрек пен қан тамырларын қорғайды.

ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ

В12 дәруменінің жүйке жүйесі қызметіне үлесі

В12 дәрумені жүйке жүйесі үшін елеулі рөл ойнайды. Ол жүйе жүйесін қорғайтын және жүйкенің, яғни жіберілуі тиісті ақпараттың тиімді түрде берілуін қамтамасыз ететін жүйке талшығы қабықшаларының (миелин қабықшалары ретінде де белгілі) қалпына келуі мен жаңадан түзілуіне жауапты.

Сезу және қозғалу қабілетіне жауап беретін жүйелеріміздің осылай «оқшаулануы» маңызды және ең алдымен, біздің орталық жүйке жүйеміз үшін ауыстырғысыз. Бұдан бөлек, В12 дәрумені біздің миымыздың жұмысын, сондай-ақ біздің түйсігімізді, көңіл-күйімізді және ақыл-ойымызды да бақылайтын нейротрансмиттерлер мен гормондар сияқты маңызды заттар - мессенджерлердің синтезіне қатысады.

B12 дәруменінің тапшылығына байланысты кімге қауіп төнеді? В12 дәрумені тапшылығының себептері

Сәбилер мен балалар өсуі үшін В12 дәруменінің көп мөлшерін қабылдауы керек. Олар қамқоршыл ата-аналар тарапынан қамтамасыз етілуі тиісті В12 дәруменінің жеткілікті мөлшеріне тәуелді. Егде жастағы адамдар мен вегетарианшылдар В12 дәруменінің тапшылығынан азап шегеді. Вегетарианшылдар жануарлардан алынған өнімдерді қамтымайтын теңдестірілмеген емдәмге байланысты B12 дәруменінің тапшылығына тап болса, егде тартқан адамдар В дәруменінің дұрыс сіңірілмеуіне шалдығады, бірақ кейде ондай ауытқулар тамақтануға қойылған шектеулерге орай болып жатады. Диабет, бүйрек жетіспеушілігі немесе деменция сияқты созылмалы ауруларға шалдыққан адамдар көбінесе ұзақ уақыт бойы қабылданатын белсенді ингредиенттер мен дәрі-дәрмектің жанама әсерлеріне байланысты В12 дәруменінің дұрыс сіңірілмеуіне, соның салдарынан оның тапшылығына шалдығады. Асқазанның шырышты қабығының қабынуына немесе ас қорыту жолының басқа жағдайларына шалдыққан адамдардың ағзасы дәруменді өз бетінше сіңіруге қажетті маңызды заттарды синтездей алмайды.

[Translate to Kazakh:] Vitamin B12 Nerven

Адам қартайған сайын, осы бірнеше фактор В12 дәрумені тапшылығына шалдығу қаупін арттырады. В12 дәруменінің тапшылығына жас еуропалықтардың шамамен 2-5% ғана шалдыққан болса, 65 жастан асқан адамдардың 10-30%-да осы диагноз бар екен. 

Себебіне қарамастан, егер В12 дәруменінің тапшылығы тым кеш анықталған болса, бұзылған жүйелер көбінесе қалпына келмейді.

В12 дәрумені тапшылығының неврологиялық симптомдары қандай?

В12 дәрумені тапшылығының бастапқы белгілері: айрықша емес әлсіздік, аяқтың сілеюі. Жұлында нашар жұмыс істейтін жүйелер аяқта алдымен дызылдау және сілею сияқты жалған сезімдердің туындауына жиі себеп болады. Ми және гормондар да В12 дәруменінің тапшылығына әсер етеді, сондай-ақ зейіннің, есте сақтау қабілетінің нашарлауына және депрессияға себеп болуы мүмкін.

В12 дәруменінің тапшылығы анықталмаған жағдайда, ол ауыр салдарға алып келуі мүмкін

В12 дәруменінің тапшылығы ұзақ уақыт бойы анықталмаған болса, ол деменция мен шизофренцияға ұласа алатын күрделі неврологиялық және психоневрологиялық жағдайларға себеп болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қатты физикалық шектеулер параплегияға әкелуі және В12 дәруменінің тапшылығына байланысты туындауы мүмкін.  Тапшылық ертерек анықталса, біршама жетіспеушіліктің алдын алуға болады. Алайда, В12 дәрумені тапшылығының салдары тым ұзақ уақыт бойы асқынған болса, бұзылған жүйені қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сол себепті, В12 дәруменінің тапшылығына байыппен қарап, оның алдын алу керек.

В12 дәруменінің тапшылығын қалай анықтауға болады

В12 дәрумені тағам арқылы сіңгеннен кейін, қанға түседі. Адамға осындай қауіп төнсе немесе онда В12 дәрумені тапшылығының түрлі симптомдарының пайда болуына байланысты күдік туындаса, екі кезеңнен тұратын арнайы қан талдауынан өтіп көру керек. Екі тесттің де нәтижесі жағымсыз болса, В12 дәрумені тапшы болуы ықтимал, сондықтан оны барынша тезірек емдеу керек.

Қауіп төнген адамдар В12 дәруменінің алдын алуы тиіс

В12 дәрумені біздің ағзамыз үшін ауадай қажет болса да, бізге оның азғантай мөлшері ғана керек. Дені сау адамдар үшін ұсынылатын тәуліктік мөлшерлемесі – 3 мкг. Балаларға В12 дәрумені онша көп керек емес, ал жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге көбірек, яғни күніне 3,5 - 4 мкг қажет болады.

Вегетарианшылдар және теңдестірілмеген емдәмге байланысты В12 дәруменін тым аз мөлшерде тұтынатын басқа да адамдар В12 дәрумені тапшылығынан оп-оңай жазылуы үшін В12 дәруменін қамтитын саналы емдәм бойынша тамақтана алады немесе нақты В12 дәрумені қоспасын қабылдай алады. В12 дәрумені микроағзалар тарапынан синтезделеді және жануардан алынған өнімдерде ғана, ең алдымен бауырда болады. Дегенмен, ет, балық, жұмыртқалар, сүт және сүт өнімдері осы дәруменнің едәуір мөлшерін қамтиды. Сондықтан вегетарианшылдар қоспаларды қабылдап, ықтимал тапшылықтың алдын алғаны жөн.

Сіңіру қабілеті бұзылған болса да, В12 дәрумені тапшылығының алдын алуға болады

[Translate to Kazakh:] Vitamin B12 Nerven Musik

В12 дәруменін сіңіру қабілеті бұзылған болса, триггер іздеп табылуы керек. Ұзақ уақыт бойы қабылданып жатқан дәрі-дәрмектер дәруменнің сіңірілуіне жиі әсер етіп жатады. В12 дәруменін көп мөлшерде тұтынудың арқасында осы тапшылықтың орнын толтыруға болады.

© 2016 Wörwag Pharma GmbH & Co. KG - The range of information provided in www.woerwagpharma.de about personal health is exclusively for your information and in no way replaces a personal consultation, examination or diagnosis by a licensed physician. The contents made available on www.woerwagpharma.de cannot and may not be used for establishing diagnoses and/or taking medication on your own. Please also pay attention to the exclusion of liability and our indications to the image rights.

Сонымен қатар оқыңыз