Жүктілік кезінде магний қаншалықты маңызды?

Магний минералы біздің ағзамызда ең маңызды функцияларды орындайды. Сүйектер түзілу кезінде тұрақтандыру функциясынан басқа, ол жасушалардағы энергетикалық алмасуды реттейді және жақында белгілі болғандай, 600 астам ферменттерді белсендіруге қатысады. Магнийдің дұрыс балансы сабырлылықты және байсалдылықты қамтамасыз етеді, себебі ол жүрек-қан тамырлары жүйесін және күретамырлық қысымды реттейді. Және соңғысы, бірақ маңызы бұдан кем емес: магний бұлшықеттің жиырылуын және әсіресе олардың кейін босаңсуын реттеуге қатысады. Бұдан басқа, босаңсу функциясының арқасында, магний әйелдерге қажет, себебі магнийдің үйлестірілген деңгейі, бәрінен басқа, тарылуды алып тастауға ықпалын тигізеді және етеккір ауырсынуды жеңілдетеді.

ТАҚЫРЫПҚА ШОЛУ

Магний бұлшықетке қалай әсер етеді?

Бұлшықетіміз қалыпты жұмыс жасауы үшін магний мен кальцийдің үйлестірілген ара қатынасы талап етіледі. Кальций бұлшықетті ширықтыру, ал магний оларды босаңсыту үшін қажетті. Егер магнийдің жетіспеушілігінен бұлшықетте кальций концентрациясы артса, онда бұлшықет босаңсымай, сіңір тартылуы мүмкін. Магний жасуша жарғағының «өткізбеушілігін» қамтамасыз ете отырып, тырысуға қарсы әсер етеді, осылайша, су-тұз балансы қалыпты деңгейге дейін қалпына келеді (яғни, жасушаның ішіндегі және сыртындағы концентрациялар тепе-теңдікті қайта сақтайды). Кальций және басқа да электролиттер, мысалы, кальций және натрий, енді бұлшықетке және жүйке жасушаларына ене алмайды. Бұл ретте жүйке жасушаларының қозғыштығы төмендейді және бұлшықет құрысуының ықтималдығы аз болады.

Магнийдің жетіспеушілігі жүктілікке қалай әсер етеді?

Көптеген жүкті әйелдер балтыр бұлшықетінің құрысуына және іш аумағындағы түсініксіз ауырсынуға шағымданады, бұл магний жетіспеушілігінің салдарынан болуы мүмкін. Магний жетіспеушілігінің басқа да белгілеріне жиіленген жүрек соғу және әлсіреп қалу кіреді. Олардың барлығы алаңдау үшін себеп болып табылмайды, бірақ сізге ағзаңыздың сигналдарына құлақ салу, магний жетіспеушілігінің бар болуына анализ тапсыру қажет. Егер жүктілік кезінде қатты магний жетіспеушілігі дамыған болса, жатыр жиырылып, босаңсына алмайды. Нәтижесінде мерзімнен бұрын толғаққа әкеп соқтыратын - және ауыр жағдайларда мерзімнен бұрын босануға әкеп соқтыратын тарылу пайда болады. Магний жетіспеушілігі кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне теңгеруші әрекет тоқтайды және жүктілердің күретамырлы қысымның көтерілу тәуекелі артады. Бұдан басқа, магний жетіспеушілігі преэклампсияның дамуына және жүктілердің жүрек айнуының күшеюіне әкеп соқтырады деп болжамданады.

Белгілер магний жетіспеушілігі өтелгеннен кейін бірден жойылады, қайтымсыз зақымдар жоқ. Осылайша, магнийдің үйлестірілген деңгейі ана мен баланың саулығы үшін өте маңызды.

Жүктілік және емізу кезінде магнийді қанша мөлшерде қабылдау керек?

Жүкті әйелдерге Неміс тамақтану қоғамы тәулікте 310 мг магний қабылдауды ұсынады (яғни, 25 жастан асқан жүкті емес әйелдерге ұсынылатын мөлшерден сәл ғана көп). Себептердің бірі жүктілік кезінде гормондық өзгерістерден несеппен бірге көп магнийдің шығуы болып табылады. Оның үстіне, магний эмбриондық жасушалардың өсуіне және оларды бөлуге қатысады. Жүктіліктің соңғы мерзімдерінде құрсақтаға балаға магний қажет. Жүктіліктің соңғы триместрінде бала өсіп дамып жатқан сүйектерде және бұлшықеттерде 7 кг дейін магнийді жинайды.

Емізетін әйелдер магнийді қатты қажетсінеді (390 мг), себебі олар құрамында 100 мл ортамен 3 мг магний бар емшек сүті арқылы балаға көп магнийді береді. Ол биофакторлар түсуі үшін жаңа туған балаға өте қажет.

Жүктілік кезінде магнийді қанша уақыт қабылдау керек?

Магний жетіспеушілігінің даму тәуекелін болдырмау үшін сіз магний балансын жүктілікті жоспарлау кезінде ұсынылатын деңгейге дейін көтере аласыз. Көптеген дәрігерлер оны бүкіл жүктілік кезінде және емізу аяқталғанға дейін сақтап тұруды ұсынады. Осылайша, ана мен баланың ағзасындағы магний деңгейі алғашқы маңызды айларда үйлестірілген болып табылады.

Қандай азық-түліктің құрамында магний бар?

Жаңғақ пен дәндердің құрамында көп мөлшерде магний бар - құрамында 100 г-ға 420 және 350 мг магний бар күнбағыстың және зығырдың дәндері бірінші орында. Бидай ұрықтарының және сұлы үлпегінің құрамында да бірталай мөлшерде магний бар. Күніне мюслидің бір порциясы - екі кесек банан қосуға болады (100 г бананға 45 мг магний) - магнийдің тәуліктік қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, әсіресе магниймен байытылған бір немесе екі стақан минералды су ішсеңіз. Дегенмен, әрбір үшінші әйел ұсынылатын мәндерге жетпейді, себебі біздің ағзамыз магнийді өсімдіктертен жасалатын тағамнан ала алмайды. Бұл өсімдіктерден жасалатын азық-түліктердің құрамындағы фитаттар тағаммен түсетін магнийді байлайтынымен, және оның көп бөлігі ағзадан тікелей шығарытынымен түсіндіріледі.

Жүктілік уақытында магнийді қабылдау кезіндегі жанама әсерлер

Дені сау адамдарда қандағы магний артықтығы несеппен бірге бүйректер арқылы шығарылады. Магнийдің көп мөлшерін бірден қабылдаған кезде, оның бір бөлігі өзгермеген түрде ішек арқылы өтеді және үлкен дәретпен шығарылады, себебі мөлшері артқан кезде оның сіңіруі төмендейді. Бұл белгілі бір жанама әсерге әкеп соқтыруы мүмкін, атап айтқанда, магнийдің кейбір іш өткізетін әрекеті жүктілік кезінде жиі болып тұратын іш қатуды жояды.

Күн ішінде магнийдің азғантай мөлшерін қабылдасаңыз, бұл жанама әсерді болдырмауы мүмкін. Мысалы, көпіретін түйіршіктерді 500-750 мл суда ерітуге және бір күн ішінде қабылдауға болады. Дәрігерге қаралудан кейін бір күн ішінде тиісті препараттарды немесе құрамында магний мөлшері жоғары емес тағамдық қоспаларды қабылдауға болады.

© 2016 WÖRWAG Pharma GmbH & Co. KG - The range of information provided in www.woerwagpharma.de about personal health is exclusively for your information and in no way replaces a personal consultation, examination or diagnosis by a licensed physician. The contents made available on www.woerwagpharma.de cannot and may not be used for establishing diagnoses and/or taking medication on your own. Please also pay attention to the exclusion of liability and our indications to the image rights.

Сонымен қатар оқыңыз